logo

Игита Қазақстан құрамасының сапында мерейтойлық матчын өткізді

Игита Қазақстан құрамасының сапында мерейтойлық матчын өткізді

Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу (5:6) футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита үшін мерейтойлық 90-матч ретінде тіркелді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Леонардо Де Мело Вийера Лейте Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2013 жылдың 4 наурызында алғаш рет алаңға шықты. Өзбекстан құрамасымен матч нәтижесі 4:3 болған еді.

Игита 90 матчта 11 доп соққан. 

Аяқдопшы 31 рет команданы капитан ретінде алып шыққан. EURO-2016 қола жүлдегері, EURO-2018 және 2021 ж әлем чемпионатының жартылай финалисті. Бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы деп танылған.

Қазақстан құрамасының сапында өткізген матч саны бойынша үшінші рекордсмен.



Күн шежіресі