logo

«Шахтердің» қақпашысы маусымға қойылған мақсаттарымен бөлісті

«Шахтердің» қақпашысы маусымға қойылған мақсаттарымен бөлісті

«Шахтердің» қақпашысы Игорь Мостовей команданың маусым соңына дейін қойылған мақсаттарын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Иә, менің түсінуімше, клубта қаржылық қиындықтар мен қарыздар болған, оны өтеу керек болды, сондықтан биылғы жылға бюджет өте үлкен емес. Клуб басшылығы бар мүмкіндікті пайдаланып, бәсекеге қабілетті команда құруға тырысты. Біз Түркияда бір айлық жиын өткіздік, сондықтан бұны аса байқамайсың, бірақ жергілікті командалар арасында біздің бюджет шын мәнінде ең кішісі. Ең басты мақсат – маусымды мүмкіндігінше жоғары орында аяқтау».

OLIMPBET QFL Премьер-Лигасының 4 турынан кейін турнир кестесінде «Шахтер» 11 орында тұр, соңғы турда қарағандылықтар «Астананы» 1:0 есебімен ұтты.



Күн шежіресі