«Жеңіс» екі ойын өткізген легионермен келісімшартты бұзды
«Жеңіс» бразилиялық шабуылшы Джон Клебермен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Джон Клебер «Астана» және «Ақтөбе» футбол клубтарына қарсы ойын өткізді.
Бразилиялық кәсіби мансабын 2017 жылы Бразилияның Б сериясындағы «Понте Прета» футбол клубында бастады. Өткен маусымда уругвайлық «Хувентудта» өткізіп, аталмыш клуб үшін 29 матч ойнап, жеті гол салды.