logo

«Барысқа» қазақ бапкері келіп, жеңіске жете бастауы ресейлік сарапшыларға ұнамады

«Барысқа» қазақ бапкері келіп, жеңіске жете бастауы ресейлік сарапшыларға ұнамады

Елорда клубы сырт айдында алдымен Минсктің «Динамосын» жеңсе, артынша Новосібір қаласында «Сибирь» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Sport +.

Ресейлік журналист Алексей Шевченко Shaiba.kz сайтына берген пікірінде былай деді.

«Мен 4:1 есебімен «Сибирь» жеңеді деп ойлағанмын. Неліктен есептен жаңылыстым? Мұны түсіне алар емеспін. Егер «Барысқа» қарсы «Трактор» немесе СКА ойнағанда менсінбеушілік болды деп айтар едім. «Сибириь», «Динамо» клубтарында ондай дәреже жоқ қой. Шығыс конференциясының аутсайдері аяқ астынан оянып кетті деп ойламаймын. Екі рет кездейсқоқ жеңуі де мүмкін. Бұл жерде «Сибирьде» мінез болмады. Алдымен «Авангард» бапкері жеңемін деп уәде етті, орындады. «Барысқа» келсек, ойындарына қарасаң жылағың келеді. Бірақ екі матч жеңді. Соған да шүкір деп айтсың. Олардан қазір әдемі ойын күту күлкілі», - дейді Шевченко.

Аталған журналист бұған дейін «Барыс» клубына қазақ басшысы мен бапкері келгеніне ренішін айтқан еді. ҚХЛ-ға мұндай команданың не керегі бар деген болатын.