«Снежные Барсы» жаңа бапкермен МХЛ-де жеңіске жетті
МХЛ аясындағы сырт алаңдағы серия алдында «Снежные Барсы» командасына жаңа бас бапкер Андрей Шаянов тағайындалды. Осылайша, «Чайкамен» өткен матч «Барыстың» фарм-командасы үшін қазақстандық бапкердің дебюті болды, деп хабарлайды Sport+.
«Чайкамен» матч овертаймда 3:2 есебімен «Снежные Барсы» жеңісімен аяқталды.
Голдарды Никита Ситников, Кирилл Ляпунов және Алишер Саркенов соқты.
«Снежные Барсы» келесі матчын 24 қазанда «Ирбиске» қарсы өткізеді.