Ғалия Тынбаева жартылай финалға шықты
Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Ғалия Тынбаева жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Нақтырақ айтсақ, 48 келіде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Тынбаева осыдан бір апта бұрын Душанбеде өткен турнирдің күміс жүлдегері түркиялық Тугче Бедерден айласын асырып, жартылай финалға өтті.
Енді жартылай финалда Ғалия әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ширин Буклимен белдеседі.