logo

Елдос Сметов Астанадағы турнирде жеңіліп қалды

Елдос Сметов Астанадағы турнирде жеңіліп қалды

Астанада өтіп жатқан QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM турнирінде Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ресей дзюдошысынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ширек финалда Сметов Рамазан Абдуллаевпен белдескен болатын. Балуандар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмай, «golden score» кезеңінде (қосымша уақыт) ресейліктің мерейі үстем болды.

Енді Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде бағын сынайды. Егер жеңіп жатса жарыстың қола медалі үшін тағы күреседі.

Айта кетейік, Сметов алғашқы айналымда португалиялық Родриго Коста Лопесті «иппон» әдісімен ұтқан еді. 1/8 финалда марокколық Юнесс Саддикиден басым түсті.