logo

Әбиба Әбужақынова Астанадағы Гранд Слэмге қатыспайды

Әбиба Әбужақынова Астанадағы Гранд Слэмге қатыспайды

Алдағы 10-12 мамыр күндері Астанада дзюдодан өтетін әлемдік Grand Slam турниріне Әбиба Әбужақынова қатыспайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әйелдер құрамасының көшбасшысы соңғы жылдары Қазақстан дзюдошылары арасында ең тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген балуан.

Федерацияның түсіндіруінше, олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алған спортшы әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Сондықтан Абиба Әбужақынова Астанадағы Grand Slam жарысынан тыс қалмақ.

Турнир өз елімізде өтетіндіктен, әр салмақта төрт балуаннан қатысуға рұқсат берілген. 



Күн шежіресі