Англия кубогының екі матчы Sport+ телеарнасында тікелей эфирде
Еуропадағы ең көне футбол жарыстарының бірі саналатын Англия кубогының бірінші кезеңі қыза түсті.
7 қарашада Sport+ телеарнасынан екі кездесу тікелей эфирде көрсетіледі.
Астана уақытымен:
22:30 — «Олтрингем» — «Ноттс Каунти».
01:00 — «Питерборо Юнайтед» — «Рединг» (8 қарашаға қараған түні).
Матчтарды Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.