logo

Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Ғалия Тынбаева Грузия астанасы Тбилисиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшымыз жүлде жолында Миреиа Лапуерта Комастың (Испания) жауырынын жерге тигізді. Екінші қоланы Қытай спортшысы алды.

Күндізгі сессияда Ұлттық құрама спортшысы А тобында Алёна Сергееваны (Ресей), сосын Мелани Легу-Клеман (Франция) мен Аманда Лиманың (Бразилия) осал тұсын тапқан. Алайда жартылай финалда Оңтүстік Корея дзюдошысы Хекён Лиден ұтылып қалды.

Ғалия былтыр Ұлан-Батыр мен Астанада өткен Үлкен дулыға санатындағы турнирде 5-орыннан көрінген. Бұл оның Grand Slam сериясындағы алғашқы медалі.

Айта кетейік, Тбилисиде қазір 83 мемлекеттен келген 531 татамиге шебері күш сынасып жатыр.

 



Күн шежіресі