Ермек Маржықпаев: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығады деп үміттенемін
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев хоккейден ұлттық құраманың әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндіктерін бағалады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
— Ермек Боранбайұлы, Сіз Қазақстан құрамасының Остраведегі әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз? Әлем чемпионаты басталмас бұрын Сіз Қазақстан Хоккей Федерациясы және «Барыс» ХК басшылығымен кездесіп, ұлттық құраманың әлем чемпионатына дайындығын талқыладыңыз.
Иә, тура бір апта бұрын мен ҚХФ және «Барыс» басшылығын қабылдадым. Біз әлем чемпионатында қалай ойнайтынымыз туралы сөйлестік. Әрине, бірінші ойын барлығымызды шабыттандырды, Словакиямен қарсы ойында өкінішке орай, жеңіліс таптық.
Мен біз плей-офф кезеңіне өтеміз деп үміттенемін. Бұл жай сенім емес. Команда айтарлықтай күшейді. Білесіздер, үш жігітіміз КХЛ чемпионы атанған «Металлургте» ойнады. Бұл үштік бүгін біздің құрамамызда ойнайды. Бұл ойыншылар объективті түрде құраманы күшейтті. Команда әлем чемпионатында алдағы кезеңге өтеді деп үміттенемін.