Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатының жартылай финалында ұтылды
Бішкекте басталған Азия чемпионатында еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде іріктеу айналымы өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Ең жеңіл салмақ дәрежесі 57 келіде Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде өзбек балуанынан басым түсіп, бірден жартылай финалға шыққан еді. Алайда финалдық жолдама үшін белдесуде жапон Кенто Юмияға 2:3 есебімен ұтылды. Енді Қартбай қола медаль үшін күреседі.
Сонымен қатар, 70 келіде Мейіржан Әшіров ширек финалда жарыс жолынан шықты. Ол тәжік балуанына 1:5 нәтижесімен есе жіберді.