logo

Бас бапкер лиензиялық турнирге баратын құрамда өзгеріс болғанын айтты

Бас бапкер лиензиялық турнирге баратын құрамда өзгеріс болғанын айтты

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа баратын балуандардың құрамына өзгерістер енгенін мәлім етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойғанбыз. Осыдан бірер күн бұрын «Стамбулдағы соңғы турнирге 57 келі салмақта Рахат Қалжан, 65 келі салмақта Адлан Асқаров және 74 келіде Талғат Сырбаз қатысады. Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады» деп шешкен едік. Өкінішке қарай, Талғат Сырбаздың белін жарақаттап алуына байланысты лицензиялық турнирге Нұрқожа Қайпанов баратын болды. Ол Бішкекте өткен лицензиялық додаға қатысып, жолдама ала алмаған еді. Тағы бір мүмкіндік сыйладық», - деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 9-12 мамыр аралығында өтеді.

Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали (97 келі) мен Юсуп Батырмұрзаев, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 келі) жолдама иеленген.