Елдос Сметов тыйым салынған әдіс қолданған
Ташкенттегі Grand Slam турнирінде Елдос Сметов ширек финалда ұтылып, кейін жұбаныш белдесуге де қатыспайтыны белгілі болды. Оның себебін Olympic.kz сайтына бас бапкер түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, Cметов қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданған.
"Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке "хансоку-маке" берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды. Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалғандай. Ташкент турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр", - деді бас бапкер.