Шерзод Давлатов Польшада өтіп жатқан Еуропа кубогында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол 60 келі салмақта барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Жұбаныш финалында отандасымыз грузиялық Тома Гелашвилиді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетерлігі, Варшавада ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогіне 37 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды.