logo

Абиба Әбужақынова Гранд Слам финалына шықты

Абиба Әбужақынова Гранд Слам финалына шықты

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирінде Абиба Әбужақынова финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

48 келі cалмақ дәрежесінің жартылай финалында Абиба Тара Бабулфатты (Швеция) жеңді. Бұған дейін Бакудегі турнирде қазақ дзюдощысы осы қарсыласына жеңілген еді. 

Ақтық сында Әбужақынова бейтарап ту астында өнер көрсететін Сабина Гилиязовамен кездеседі. 

Абиба Әбужақынова үшін 2024 жыл сәтті басталды. Ол Португалиядағы Гран-при және Бакудегі Grand Slam бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізген. 



Күн шежіресі