logo

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында кімдер топ жарды

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында кімдер топ жарды

Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жекелей жарыстары аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталған біріншілік Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде өтті. 

Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 820 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. 

Ал Жетісу облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті аяқтады.

Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті.

Аталған Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2024 жылғы спорт маусымында Азия және әлем чемпионаты сынды әлемдік бәсекелерде ел намысын қорғайтын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.



Күн шежіресі