logo

Елдос Сметов пен Әбиба: Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында қорғайтын дзюдошылар кім?

Елдос Сметов пен Әбиба: Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында қорғайтын дзюдошылар кім?

Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Париж Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасынан 8 дзюдошы бақ сынайды. Оның жетеуі – өз салмақ дәрежелерінде жекелей сайысқа қатысса, бір спортшы аралас-командалық жарыста сынға түседі.

Әйелдер:

Әбиба Әбужақынова (48 кг);

Камила Берліқаш (+78 кг);

Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс).

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг);

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг);

Данияр Шамшаев (73 кг);

Абылайхан Жұбаназар (81 кг);

Нұрлыхан Шархан (-100 кг).

Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша жарыстар 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.