logo

Дзюдодан үш балуан іріктеу белдесуін өткізеді

Дзюдодан үш балуан іріктеу белдесуін өткізеді

Бүгін, 7 маусымда дзюдодан 60 келі салмақтағы үш балуан арасында Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында іріктеу белдесуі өткізіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингте Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар арасында іріктеу белдесуін өткізу жөнінде ұйғарымға келді. 

Қазір Алматы қаласында ел құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Сол оқу-жаттығу жиыны барысында Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин өзара мықтыны анықтайды.