Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады
Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты.
100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді.
+100 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды.
+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін 1 қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Абиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті.
Қалған спортшыларымыз түгел жеңіліп қалды.