Дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO қолдауымен өтеді
8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO патронажына алынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алдын ала болжам бойынша елордаға 85-тен астам елден кемінде 2000 қатысушы келеді.
Бағдарлама 20 негізгі және ат спорты, күрес, дәстүрлі садақ ату және интеллектуалды ойындар секілді 10 спорт түрінен жарыстарды қамтиды.
Айтулы шараға спортшылар ғана емес, мәдениет пен ғылым өкілдері де қатысады деп күтіліп отыр.
Көшпенділер ойындары — дәстүрлі ұлттық спорт пен мәдениеттің сақталуы мен дамуында маңызды рөл атқарады.