Асық атудан балалар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр
Асық ату спортынан 2014-2016 жылы дүниеге келген жеткіншектер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен, атап айтқанда, Алматы, Абай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 124 асықшы ұл-қыз сынға түсіп жатыр.
Қыркүйек айында елорда төрінде алғаш рет өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында асық ату, бес асық және қырғыздардың ордо атты сайыс түрлерінде жүлде сарапқа салынады.
Қазір еліміздің 19 өңірінде филиал жұмыс істеп, 90 мыңнан астам ресми түрде асық атумен айналысады. 1 119 бапкер бар. Додада ұлдар асық атудан сынға түссе, қыздар бес асықтан мықтыны анықтайды.