logo

Дмитрий Парфенов: Барлығы жоспар бойынша, бірақ біз жаңа футболшыларды күтудеміз

Дмитрий Парфенов: Барлығы жоспар бойынша, бірақ біз жаңа футболшыларды күтудеміз

«Ақтөбенің» бас бапкері Дмитрий Парфенов Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында «Шинникке» қарсы өткен бақылау матчы туралы өз пікірімен бөлісті.

- Көп ұзамай чемпионат басталады, сол себептен алаңда сондай дәрежеде ойнауды сұрадық. Мен көп нәрсені көрдім, бірақ ең бастысы - бұл командалық әрекеттер, командалық рух болды, жігіттер бір-бірін толықтырды.

- Команданың жаңадан келген футболшылары туралы не айта аласыз?

- Жаңадан келген ойыншыларға бейімделуге уақыт керек, уақыт бізде әлі де бар, сондықтан мен біреуді бөлек атап өткім келмейді. Ойыншылар ойнауы керек, бір-бірімен ортақ тіл тауып, қарым-қатынасты дұрыстау керек. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, бірақ біз жаңа футболшыларды күтудеміз, олармен кілісімшарттар бар, бірақ футболшылардың қатарға тез қосылғанын қалаймын.

- «Ақтөбе» орындауында қандай футбол көргіңіз келеді?

- Әзірге ұрандатудан бас тартайық, бірақ мен команданың ойын тізгінін ұстап, басымдылық көрсеткенін қалаймын. Маусым барысында әр түрлі матчтар болатыны анық, бірақ клубтың дәстүрі бар, біз бұл туралы басшылықпен сөйлестік.



Күн шежіресі