«Ақтөбе» ресейлік қорғаушымен қош айтысты
28-жасар ресейлік қорғаушы Максим Ширяев «Ақтөбеден» кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ширяев қаңтар айының басында өткен жиындарда «Ақтөбеге» қосылып, бразилиялық «Гремио Эспортиву» мен ташкенттік «Олимпикке» қарсы екі бақылау матчына қатысты, бірақ Максимнің ойыны ақтөбелік клуб бапкерлерінің көңілінен шықпаған болатын.