logo

«Ақтөбе» румын клубының үздік бомбардиріне көз тікті

«Ақтөбе» румын клубының үздік бомбардиріне көз тікті

«Ақтөбе» «Оцелулдан» Александру Попаны қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қос Румыния және Аргентина азаматтығы бар шабуылшы Александру Поп 2023 жылы «Осцелулда» ойынымен ерекшеленіп, басқа клубтардың назарын өзіне аударды. Орталық шабуылшының 800 000 еуро құрайтын келісімшартты бұзу жайлы шарты бар екен.

Осы қыста шабуылшыны израильдік «Хапоэль Беер-Шева» да алғысы келді, бірақ ол аймақтағы шиеленісті жағдайға байланысты бұл ұсыныстан бас тартты.

Осы маусымда Александру Поп «Оцелул» үшін 25 ойын өткізіп, аталмыш клуб үшін тоғыз гол соғып, бір пас берді. Transfermarkt сайты 23 жастағы шабуылшыны 1 млн еуроға бағалайды.