Дана Уайт: Макгрегор 2024 жылы жекпе-жек өткізбейді
UFC басшысы Дана Уайт Конор Макгрегордың 2024 жылы жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Уайттың айтуынша, олар сөйлескен және Макгрегор жекпе-жекке шығуды қалайды, бірақ бұл жылға жоспарланбаған.
Алайда, Макгрегор желтоқсан айында жекпе-жекке шығуға қарсы емес екенін және қыркүйекте дайындықты бастайтынын мәлімдеді.
Макгрегор UFC тарихындағы екі салмақ дәрежесінде бір уақытта чемпиондық атаққа ие болған алғашқы жауынгер, бірақ ол екі белбеуін де қорғай алмады.