Қытайлықты аямай мыжғылап жеңдім: Олжас Есқараев
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Олжас Есқараев BRAVE CF ұйымында жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қыпшақ» лақап атымен танымал жауынгер Олжас Есқараев қарсыласын 3 раунд бойы сабап, жеңіске қол жеткізді.
«Қарсыласымды толық зерттедім. Ол - өте тәжірибелі спортшы. Бұрын ONE FC лигасында төбелескен екен. 3 раундтық жекпе-жек болды, үшеуінде де мен жеңдім.
Brave турнирін өте әділ турнир деп есептеймін. Келісімшарт бойынша менде әлі 4 жекпе-жек бар. Сондықтан алдағы уақытта чемпиондыққа талас туралы әңгіме болады.
Илияр Асханов секундант болды. Үнемі жанымда, бірге жаттығып жүрміз. Осы жерден чемпион атанып, UFC-ге баруды көздеймін.
Қытайлық жауынгер - өте мықты. Соған сай барынша қысым көрсете отырып күресіп, бақылауда ұстау керек болды. Қытайлар тұрып төбелесуде ешкімге есе жібермеген.
Сондықтан күреспен әбден мыжғылап жеңдім. Жанкүйер болған Қазақ еліне мың алғыс!», - деді Олжас Есқараев.