Бүгін «Барыс» елордада Ресейдің «Торпедо» командасымен ойнайды
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 30 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екі команда бұған дейін 40 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 3 қазанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасымен ойнаса, одан кейін 5 қазанда «Авангард» (Омбы), 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.