logo

Жаңа бапкер: «Барыс» Ресейдің «Сочиімен» кездеседі

Жаңа бапкер: «Барыс» Ресейдің «Сочиімен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталады.

Екі команда бұған дейін 20 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі үш кездесуде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын да Астанада өткізеді. Алдымен 28 қыркүйекте Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен кездессе, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады. 



Күн шежіресі