logo

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» елордада мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» елордада мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес ойынның төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберген.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді.

Алдымен 26 қыркүйекте Ресейдің «Сочи» клубымен ойнаса, одан кейін 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен кездеседі.



Күн шежіресі