«Қайсардың» жаттығуына қаралымға Юденков келді

«Қайсардың» Түркиядағы жаттығуына «Мақтааралдың» капитаны Руслан Юденков келіп қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тәжірибелі қорғаушы мансабының басым бөлігін Беларусьта өткізген.
Соңғы 2 маусым «Мақтааралдың» намысын қорғаған. Сондай-ақ Беларусь құрамасында 10 матч өткізген.