ҚФФ қазақстандық клубқа чемпионатқа қатысуға рұқсат бермеді
ҚФФ қазақстандық клубқа чемпионатқа қатысуға рұқсат бермеді
2024 жылдың 8 ақпанында Қазақстан футбол федерациясы футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатына қатысушыларын лицензиялау процесінің нәтижесі қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша Комиссия келесі шешімдерді қабылдады:
- «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесін» орындаған және талаптарына сәйкес болғаны үшін футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензия берілсін:
- «Ордабасы» ФК
- «Астана» ФК
- «Ақтөбе» ФК
- «Қайрат» ФК
- «Қызыл-Жар СК» ФК
- «Қайсар» ФК
- «Атырау» ФК
- «Тобыл» ФК
- «Шахтер» ФК
- «Жетісу» ФК
- «Елімай» ФК
- «Тұран» ФК
- «Жеңіс» ФК
- «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің» талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін «Мақтаарал» ФК КММ-ға футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензияны беруден бас тартылсын;
- «Мақтаарал» ФК КММ-ға 2024 жылдың 20 ақпанына дейін футболдан Бірінші немесе Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау процесіне шұғыл рұқсат алу рәсіміне өту үшін қатысуды растасын.