Нсунгуси Эффионг «Атыраудан» кетті
«Атырау» 24 жастағы шабуылшы Нсунгуси Эффионгтың кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойыншының жалға алу мерзімі аяқталып, ол даниялық «Кеге» клубына оралды.
Өткен маусымда нигериялық «Атырау» сапында 31 ойын өткізіп, тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.