Александр Пелевин 2022-2023 жылғы маусымда «Номад» құрамында 44 матч өткізіп, 31 (10+21) ұпай жинады, ал плей-оффта 14 кездесуде 3 (1+2) ұпайға ие болды.
Бұрынғы хабарларға қарағанда, Пелевиннің «Бургут» клубына ауысуы жоспарланған болатын. Алайда, Өзбекстандық клубтың Pro Hokei Ligasy-да қаржыландырудың болмауына байланысты қатыспайтыны анықталған соң, ойыншы «Сарыарқаға» көшу туралы шешім қабылдады.