logo

«Барыс» Паскуалемен келісімшартты бұзды

«Барыс» Паскуалемен келісімшартты бұзды

«Барыс» ҚХЛ клубы қақпашы Эдуард Паскуалемен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

33 жастағы канадалық өткен тұрақты чемпионатта 36 матч өткізіп, 24 рет жеңіліске ұшырап, 4 рет жеңіске жетті. Қайтарылған соққылардың пайызы 90,4, ал сенімділік коэффициенті 3,12 болды.

Бұған дейін Паскуале ҚХЛ-да «Металлург» және «Локомотив» командалары сапында өнер көрсетті.



Күн шежіресі