«Барыс» басшылығы швед қақпашысының трансферін түсіндірді
«Барыс» клубының бас менеджері Олег Болякин швед қақпашысы Юхан Маттссонмен келісімшартқа отыру себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Паскуалемен келісімшартты бұзғаннан кейін бізде бос орын пайда болды, оған біздің лигаға бейімделген тәжірибелі қақпашыны алдық. Маттссон КХЛ-да өте мықты командалардың бірінші нөмірі болды. Еш күмәнсіз, ол біздің қақпашылар құрамын күшейтеді», — деді Болякин.
Қақпашы өзінің мансабының көп бөлігін Швеция чемпионатында өткізді, алайда соңғы үш жылда Маттссон Құрлықтық хоккей лигасында ригалық «Динамо», «Автомобилист» және СКА командаларының намысын қорғады.