Филиппович «Ақтөбеден» кетіп, мансабын Венгрияда жалғастырады
Хорватиялық ойыншы Андрия Филиппович «Ақтөбеден» кетіп, «Кишвардамен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
26 жастағы футболшы «қызыл-ақтар» сапында өткен маусымның басынан бері ойнап келді, барлық жарыстарда 28 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар, Филипович «Атырау» командасының құрамында да ойнаған.
«Кишварда» осы маусымда Венгрия чемпионатында соңғы орында жайғасып отыр.