«Ақтөбе» өзбекстандық клубқа жол берді (видео)

«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Өзбекстан Суперлигасының клубымен бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу самарқандтық «Динамоның» жеңісімен аяқталды – есеп 3:1. «Қызыл-ақтар» сапында жалғыз голдың авторы Рамазан Оразов атанды. Жартылай қорғаушы пенальтиді сәтті орындап, көзге түсті.