logo

Бауыржан Байтана: Шетелден ұсыныс түссе, көзімді жұмып қойып кетіп қалар едім

Бауыржан Байтана: Шетелден ұсыныс түссе, көзімді жұмып қойып кетіп қалар едім

«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана Sport Plus Qazaqstan телеарнасы арнайы шығарылымының кейіпкері атанды.

  • - Бәсекеге қатысты – бұл жыл сайын айтылатын әңгіме. Жылда неше түрлі легионерлер келеді, олармен бәсекелесу қиын болады деп айтылады, бірақ әрдайым негізгі құрамда ойнаймын. Жаңа маусымда көреміз енді. Бәсекеден мүлдем қорықпаймын. Бапкер өзі шешеді – ол кімнің қалай жаттығып жургенін, дайындығын көріп, баға бере алады. Егер мен дұрыс жаттықпасам, онда негізгі құрамда ойнауым екіталай.

Бауыржан шетелдік чемпионаттан ұсыныстарға қатысты көзқараспен бөлісті.

  • - Шетелден ұсыныс түссе, көзімді жұмып қойып дәл қазір кетіп қалар едім. Жалақысына мүлдем қарамаймын, - деді 31-жасар футболшы.