«Оқжетпес» өз түлегін қатарына қосты
Көкшетаулық «Оқжетпес» 26 жасар қазақстандық қорғаушы Виктор Зябкоға қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Виктор Зябко – Көкшетау футболының түлегі. Мансабын 2016 жылы туған «Оқжетпес» құрамында бастаған. Сондай-ақ ол СДЮСШОР-8, «Жетісу Б», «Игілік» және «Түркістан» сияқты клубтарда өнер көрсетті.
Оның соңғы жұмыс орны «Қызылжар» болды Өткен маусымда петропавлдықтар үшін 11 матч өткізді.