logo

«Ақжайық» басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

«Ақжайық» басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте БҚО-да спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының экс-директоры Оралбай Жақсымбетовке қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет құрайтын қаражатты ұрлаған. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ақжайық» ФК ЖШС бақылауына artsport бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілген қызметтер түрімен бөлді», – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қосымша ұрлық эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда.