Алмабаевтың бапкері жауынгердің жоспарлары туралы: Біздің мақсатымыз – чемпиондық белбеу
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров «ММА Вестникке» берген сұхбатында жауынгердің Си Джей Вергараны жеңгені және алдағы жоспарлары туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Жекпе-жектің қалай өткеніне өте қуаныштымын. Мен оның бүкіл қашықтықты жүріп өткенін, UFC сезінгенін қалаймын. Келесі қарсылас үздік 10-қа жақын болады деп үміттенемін. Біздің мақсатымыз – чемпиондық белбеу. Келесі қарсыластың аты? Мен Азат Мақсұмды жеңген Чарльз Джонсонмен жекпе-жек өткізгенін қалар едім. Бұл Қазақстан мен біздің команда үшін қызықты жекпе-жек болар еді», - деді бапкер.