logo

Майкл Пейдж Рахмонов туралы: Біздің дивизионда ешкім жұдырықтасқысы келмейтін монстр бар екенін білемін

Майкл Пейдж Рахмонов туралы: Біздің дивизионда ешкім жұдырықтасқысы келмейтін монстр бар екенін білемін

UFC-дің жаңа жауынгері Майкл Пейдж қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді, деп хабайрлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біздің дивизионда ешкім жұдырықтасқысы келмейтін монстр бар екенін білемін. Мен бұл жігіттің (Рахмоновтың) жекпе-жегін көрдім, не айтайын: ол өте жақсы, өте! Бірақ мен бұл жерде уақытты жоғалтпауым керек. Менің жасым 37-ге жақындап қалды, сол себепті бұл жігітті нокаутқа түсіру арқылы бүкіл әлемді таң қалдырғым келеді», - деді Пейдж.

Өткен аптаның соңында Майкл Пейдж UFC аясында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді. Үш раунд қорытындысы бойынша 37-жасар спортшы өзінің жерлесі, АҚШ файтері Кевин Холландты төрешілердің шешімімен жеңді.



Күн шежіресі