logo

Сора Рахмонова: UFC контракт ұсынамыз деген, Алла қаласа жекпе-жектерге шығамын

Сора Рахмонова: UFC контракт ұсынамыз деген, Алла қаласа жекпе-жектерге шығамын

Әйелдер күнінің қарсаңында қазақстандық ММА спортшысы Сора Рахмонова Sport Plus Qazaqstan телеарнасында қонақта болып, өзінің мансабына қатысты сұрақтарға жауап берді.

– Қыркүйекте Dana White Contender турниріне шығу керек едім, бірақ жарақаттарға байланысты шыға алмай қалдым. Дегенімен UFC контракт ұсынамыз деген, Алла қаласа жекпе-жектерге шығамын. Бірақ қазір менің өмірімде ең бастысы ол - жанұя.

Сора ағасының жұдырықтасқан мезетіндегі сезімдері мен уайымдаушылық туралы да айтып өтті.

– Қатты уайымдаймын, ұйықтамаймын. Жай жекпе-жектер болса мейлі, UFC-де болғансоң қатты уайымдаймыз. Күні-түні мешітке барып, дұға жасаймыз.

Сонымен қатара Рахмонова нәзік жандардың отандық спорттағы орны туралы айтып өтті.

– Қазіргі қазақ қыздары үлкен нәтиже көрсетіп жатыр. Мысал ретінде Елена Рыбакина, Жамиля Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Жібек Жарасқызы – Қазақстанның атын шығарып жүрген мықты қыздар. Болашақта Олимпиада чемпиондары болады деп ойлаймын.



Күн шежіресі