Рахмоновтың октагонға оралатын мерзімі жарияланды
Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов қазақстандық жауынгердің октагонға оралу күні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Ушатайкуға» сілтеме жасап.
«Шавкат жалпы асықпайды. Ол барлық жарақаттарын емдегісі келеді. Қазір Рамазан айы басталды. Яғни, ол оған уақыт бөлгісі келеді, содан кейін жаттығуға оралуға асықпайды. Біз оны тамыз айында көріп қалуымыз мүмкін», - деді Әбдірахманов.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Ол екінші раундта американдық файтер Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңді.