Афиныда Мұхтархан Ділдәбековті жеңген боксшы губернатор орынбасары болды
Ресейлік кәсіпқой боксшы Александр Поветкин Вологодск облысы губернаторының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
2004 жылғы Олимпиада чемпионы, ауыр салмақта WBA тұжырымының бұрынғы чемпионы Александр Поветкин Вологодск облысы губернаторының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы губернатор міндетін уақытша атқарушы Георгий Филимонов мәлімдеді.
Поветкин жастарға патриоттық тәрбие беру, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, ол «Ресей жастары» ұлттық жобасына да жауапты.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Поветкин мен қазақстандық боксшы Мұхтархан Ділдәбеков 2004 жылғы Афина олимпиадасының ширек финалында кездесіп, ресейлік былғары қолғап шебері жеңіске жеткен болатын.
Қазіргі уақытта Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында вице-президент қызметін атқарады.