logo

Махмұд Сабырхан: Менің арманым — Олимпиададан жеңіспен оралу

Махмұд Сабырхан: Менің арманым — Олимпиададан жеңіспен оралу

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жаңа салмақта біраз жарысқа қатысып, әбден бой үйреттім. Ендігі мақсат — Олимпиада ойындарына тынбай жаттығу. Бала кезден армандаған Олимпиададан абыроймен оралсам деген арманым бар. Қарсыластар да оңай емес. Куба, Өзбекстан, Америка боксшыларын басты қарсылас санаймын. Қазір кез-келген тактикаға дайын болу үшін тер төгіп жатырмыз. Егер төбелесу керек болса, оған да дайынбыз. Жақында бауырым Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды. Енді осындай белестер оған ересекте арасында да бағынса деген тілегім бар»,  — дейді Махмұд. 



Күн шежіресі