Өзбекстаннан қоныс аударған қазақ боксшысы халықаралық турнирді жеңіспен бастады
Өзбекстанда туып-өсіп, кейін Қазақстанға көшіп келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогі» халықаралық турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
71 салмақта бақ сынап жатқан Аман Қонысбеков турнирдегі алғашқы жекпе-жегін тағы бір қазақстандық боксшы Азат Иманберліге қарсы өткізді.
Үш раундқа созылған бәсекеде Қонысбеков айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді Аман келесі кезеңде Жапония өкілі Хиранака Нобухиромен жұдырықтасады.
Аман Қонысбеков – бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл Қазақстанға көшіп келген еді. Қазір боксшы Түркістан облысының намысын қорғап жүр.