Қамшыбек Қоңқабаев қырғызстандық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қырғызстандық боксшы Бектур Әлімбек Уулумен қолғап түйістіріп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Елорда кубогі» 18 мамырға дейін жалғасады. Турнирге 60-қа жуық қазақстандық боксшы қатыспақ.
Сондай-ақ Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай боксшылары да бақ сынайды.
Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.