logo

Аман Қонысбеков: Қазақстан атынан алғашқы жекпе-жегімді жақсы өткіздім деп ойлаймын

Аман Қонысбеков: Қазақстан атынан алғашқы жекпе-жегімді жақсы өткіздім деп ойлаймын

Өзбекстаннан қоныс аударып, Қазақстан атынан алғашқы жекпе-жегін өткізген боксшы Аман Қонысбеков Sport Plus Qazaqstan тілшісіне алғашқы әсерімен бөлісті:

«Бүгін Қазақстанның атынан алғаш рет рингке шықтым. Кездесу жақсы өтті деп ойлаймын, енді келесі қарсыластарға дайындаламын. Алғашқы раундта нокдаун жасап, кейін күшімді сақтадым. Бұл бапкерлердің берген тапсырмасы, үш раунд өткізіп, рингті сезін деді.

Түркістан облысының атынан шығамын, бапкерім - Мырзағали Айтжанов. Мені Қазақстанға Исатай Ізбасаров деген ағам алып келді, қазір Астанада сол кісінің қолында тұрамын. 

Өзбекстан мен Қазақстан қайсы жақсы деп бөлмеймін. Әр елдің өз артықшылықтары, өз стилі бар». 

Аман Қонысбеков Елорда Кубогындағы алғашқы жекпе жекте 4:0 есебімен Азат Иманберліні ұтты. Қонысбеков шығатын 71 келі салмақ дәрежесінінде әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов биыл Париж Олимпиадасына қатысады.



Күн шежіресі